«Ақбөбек» балалар орталығында Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күнін» мерекелік концерттік бағдарламамен  атап өтті. Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы балаларға мағлұмат беру,санасына сіңіру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Меркеде балалар би билеп, өлең оқып, тақпақ айтып өнер көрсетті. Кеш соңында Елбасының өмірі жайлы дайындалған сурет көрмені тамашалады.  Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. Тұң­ғыш Прези­дентіміз Нұрсұл­тан Әбіш­­ұлы Назар­баевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз.  Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!