«Ақбөбек» орта мектебі қалалық білім бөліммен бірлесіп 4-7 сынып оқушыларының арасында тұңғыш қалалық математикадан олимпиада өткізді. Мақсаты:Олимпиадалық қозғалысты күшейту және оқушыларды олимпиада практикасына бейімдеу.Олимпиадаға қаланың 50 мектебінен  162 оқушы қатысты.
Қазылар алқасында- облыстық физика-математика мектебі және М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектептің мұғалімдері төрелік етті.  Математика және логика бойынша өткен олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар I,II,III дәрежелі дипломдармен, қалалық білім бөлімі мен «Ақбөбек» мектебінің сертификаттарымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.