«Қазақтың ұлы ақыны Абай  Құнанбайұлының 175 жылдық  мерей  тойы қарсаңында «Platon»  Халықаралық білім дамыту орталығы  Республикалық «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты байқау ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

«Ақбөбек» мектебінің 3 «а» сынып оқушылары Үргешбаева Анар Сисеналықызының жетекшілігімен байқауға қатысып, бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды.

«Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы» номинациясында ақын өлеңдерін  жүректен жүрекке жеткізе білген. Есиркеев Жәңгір I орынға, Иргебаева Аин II орынға, Утегенова Жания III орынға  ие болды.