«Ақбөбек» білім беру орталығында  Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын жас ұрпақ ерте бастан сіңіруі тиіс! Мектеп қабырғасындағы оқушылар осыны ұғынуы керек. Мерекелік іс-шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, тақырыпқа сай көрініс қойылып, ән-би шырқалып, тақпақтар оқылды. Туған жер, Отан, ҚР Тәуелсіздігі туралы бейнероликтер көрсетілді. Жиынға ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қатысты.