Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткен «Жаңа кітаптарға экскурссия» атты шараға «Ақбөбек» мектебінің 2 «а» сынып  оқушылары  класс жетекшісі А.Рысбаевамен бірге қатысып келді. Кітапханада оқушылар кітаптармен танысып, ертегілер,өлеңдер оқып, уақыттарын қызықты өткізді. Кітапхана қызметшісі Рима Убайдуллақызы  балаларға кітапхана тарихы туралы  мағұлмат берді. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 1960 жылы ашылған. Кітапхана қорында 103 мың кітап бар.Шара барысында оқушылармен «Кім көп айтады» атты ойын ойнатылды. Балалар ойынға белсене қатысыты. Рима Убайдуллақызы шараның соңында кітапхана мекен-жайы  жазылған парақшаны  оқушыларға таратып, ата-аналарымен кітапханаға келуді сұрады. Ал,біздің оқушыларымыз кітапхана ұнағанын және жие келіп тұруға  уәде берді.