Көмекке мұқтаж жандарға әркез қолдау білдіріп отыру «Ақбөбек» компаниясының басты парыздарының бірі. Бұл шараға компанияның барлық мүшелері белсене атсалысады. Дайындық 2 ай бұрын басталды. Қамқорлық жасауға бейжай қарамайтын жандар, қайырымдылық жасауға дайын тұратын ата-аналар шын жүрегімен ұсынған дүниелері арқылы бар мейірімін балаларға сыйлайды.