Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан жағдайға байланысты «Ақбөбек» балабақшасында тәрбиешілер бүлдіршіндермен WhatsApp желісі арқылы онлайн жұмыс жасап жатыр. Мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерді сабақ жоспарынан қалдырмау. Тәрбиешілер балалармен тығыз байланыста болу.
Балаларға өтетін сабақтың жоспары бойынша видеороликтер жасап, ата-аналарға жолдаймыз. Ата-аналар тәрбиешілерге кері байланысқа шығып, балалардың орындаған тапсырмаларын жібереді. Яғни, балалар жаттаған жаттауларын, әндерін айтып береді. Жыл мезгілдері, түстер, пішіндер туралы арнайы видеомен түсіндіріп сабақ өткіземіз. Ата-аналарымызда балаларға жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Балаларға логикалық тапсырмалар беріп, әртүрлі ертегілерді оқып беруге тырысамын. Кейбір ертегілерді балаларға жеткізуде тәрбиешінің тікелей қарым-қатынасы жетіспейді. Мысалы: қимылмен көрсететін, әр баланың жанына барып, маңдайынан сипап, арқасынан қағып түсіндіретін жерлерде қиналып қаламыз.
Күнделікті күн тәртібі бойынша балаларға ең бірінші қолдарын жиі сабынмен жууды, тазалықты сақтауды үйретеміз. Ата-аналар бұл жүйенің қызық екенін айтады. Еліміздегі жағдайдың ретке келіп тездетіп шешілуін қалайды.
Асылгуль Балгазина, ата-ана: «Балалардың алаңсыз балабақшаға барғаны ең үлкен бақыт екен. Балам балабақшаны қатты сағынды. Апайларына, достарына барғысы келетінін жиі айтады. Тәрбиешілермен күнде WhatsApp желісі арқылы байланысқа шығып отырамыз. Балам апайларын көріп, даусын естіп мәз болады. Тәрбиешілерге орындаған тапсырмаларымызды суретке түсіріп жібереміз. Еліміздегі жағдайды балаларға түсіндіру де қиын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, алаңсыз жүрген күндерге оралсақ екен».
Қашықтан оқыту әдісіне де үйреніп қалдық. Әрине тиімсіз тұстары да бар. Төтенше жағдай кезінде балалардың денсаулығын қорғау бәрінен де маңызды. Ең бастысы, балаларымыз аман, еліміз тыныш болсын!