«Ақбөбек» мектебі даарынды балаларды қолдау мақсатында2018 жылдан бастап ақпан айының 22-23 күндері дәстүрлі түрде, қалалық «Эрудит» ғылыми жоба байқауын ұйымдастырып келеді. Әр жыл сайын аталған жоба байқауына 200-ге жуық оқушы қатысады.
Бүгін аталмыш шараның жалғасы «Эрудит-3» ғылыми жоба байқауы басталды. Байқау Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Байқауға қазылар арқасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатынан шақырылды.