Ақпан айының 12-сі күні «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында жас мамандар отырысы өтті.

Жас мамандар ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы, тәртібі нашар оқушылармен жұмысты,ата-аналармен байланысты қалай нығайту керек ситуациялардан шыға білді.Сонымен қатар сапалы сабақ өткізу шеберлігін дамыту жолдарымен бөлісіті.

Кейіннен мамандарға арналған арт-терапия өтті. Мамандар көздері жұмулы күйде еркін тақырыпта сурет салды. Салынған бұлыңғыр суретті бояған кезде ғана суретке өң кіргендей болды. Сол секілді мұғалім оқушыларға сапалы білім бергенде ғана жарқырай түсетінін жас мамандарға түсіндіру мақсаты көзделді. Сонымен қатар, жас мамандар жабылу көзбен сурет салғанда олар өз мамандығын таңдауға келгенде осындай бұлыңғыр болатынын көрді,бірақ әр суретке бояу беру арқылы толық сурет алуға болады. Сол сияқты өз таңдауыңызды,өз шеберлігімізбен әрлендіріп, одан керемет нәтиже алуға болатынын түсіндіріп өтілді.

Отырыс соңында жас мамандарға педагогикалық кеңес берілді.