Ағымдағы жылдың ақпан айының 10-ы мен 17-сі аралығында мектебімізде өзін-өзі тану пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық өтті. Апталық аясында 0-7 сыныптар аралығында кеңпейіл әрекеттері көрсетілген «Мейірімді жүрек» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

5-сыныптар арасында «Бұл қызық» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Өздерінің мейірімді істерімен бөлісуге келген қала еріктілерімен «Жүректен жүрекке» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2-7 сыныптар арасындағы «Жағымды қасиеттер сөресі» марафонында оқушыларымыз бойындағы жағымсыз қасиеттерден «арылып», жағымды қасиеттерді бойына «сіңірді».

«Ақбөбек – мейірім мекені» тақырыбында қабырға газетін шығаруда 1-4 сынып оқушылары жұмыла қатысты. «Махаббатқа толы жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысында анаға арналған өлең жолдары оқылды.

Жабылу салтанатында оқушыларымыз «Мейірімділік тізбегі» атты көріністі сахналады.