Бір айға жуық уақыт оқушыларымыз сайлауға дайындық үстінде болды. Тиянақты дайындалды. Бар жауапкершілікті сезінді. Кандидаттардың саны да көп емес – бесеу. Бағдарламаның құрылуы, оның көрермен алдында қорғалуы, сайлау жәшігі, бюллетендер талапқа сай болды.

Мектеп қабырғасында барлығы шынайы өтті. Сайлау жәшігін ашу және дауыстарды санау барлық кандидаттардың қатысуымен ашық түрде болды. Президент сайланған Нұрлыбекұлы Әлиханның қуанышы мен мақтанышы, ал бір кандиданттың өкініші мен көз жасы. Президент мектеп алдында ант беріп, сонан соң мектеп әкімшілігімен бірігіп министрлерді сайлады.