Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шаралар бала жүрегіне мейірім сыйлап, жақсы көңіл-күй сыйлайды. «Любимый город» халықаралық компаниясы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай онлайн түрде сурет салудан жарыс ұйымдастырған болатын. Шараның мақсаты: балалардың  шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сурет салуға құштарлығын ояту.

Бүгін «Ақбөбек» балалалар орталығында  сурет бәйгесінің марапаттау рәсімі  өтті. Шараға жеңімпаз атанған балалар қатысты. Олар арнайы сыйлықтармен, мақтау қағазымен марапатталды. Марапаттау рәсімінде өнерпаздар танымал мультфильм кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, би билеп балалардың көңілдерін көтерді. Осы конкурстың бас демеушісі «Ақбөбек» білім беру орталығы жеңімпаздарға «Campit» қала сыртындағы легеріне және «Ақбөбек» орта мектебінің мектеп жаныныдағы лагеріне жолдама сыйлады.