«Ақбөбек»  білім беру орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын 2020 жылы жоғары  деңгейде атап өту мақсатында көптеген іс-шаралар жоспарын бекітті.  Соның бірі «Ақбөбек» балабақшасында  өткен «Жұлдызды отбасы»   отбасылық сайысы. Сайыстың басты мақсаты: Балаларға Абай Құнанбайұлының өмір жолын, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, адамгершілікке тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ата-анамен бірлескен жұмыс түрлерін арттыру,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Іс – шараның барысы кішкентай бүлдіршіндердің шағын концерттік бағдарламасымен бастау алды. Ән айтылып, би биленіп, өлең оқылған шуақты шараға әр отбасы өте жоғары деңгейде дайындалып келген.Бірі Абайдың қара сөздерін оқыса, бірі әндерін айтып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жанұясы мен жұмысына бірдей үлгеріп жүрген отбасылардың барлығы  жеңімпаз. Бірақ, жарыс болған соң, жеңімпаздың да болуы – заңдылық. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болғандар: Жәнібековтер, Қарашиндер және Истемировтар отбасылары.   Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар  естелік сыйлықтармен марапатталды.