24-28 ақпан аралығында  бастауыш бірлестігінің «Түрлі – түсті апталықтың» өтті. Апталықтың ұраны: «Іздеген табар, оқыған озар!». Апталық аясында  «Абай салған дара жол» Абай өмірінен үзінділер көрсетіліп, .«Тіл тапқырлары»,  «Кім тапқыр» интеллектуалды ойындар  жүргізіліп, «Менің сүйікті мектебім» шығармашылық байқауында оқушылар өздерінің алтын ұя «Ақбөбек» мектебі туралы өлеңдерін оқып, шығармаларын жазып, презентацияларын қорғады. Ал «Біздің болашақтағы жеріміз» атты сурет салу сайысында оқушылардың шеберліктері шыңдалды.