Біз туралы      

«Ақбөбек» оңалту орталығы Ақтөбе қаласында 1996 жылдың маусым айынан бастап қызмет етуде. Осы жылдары орталық Батыс аймағының және Ақтөбе қаласының тұрғындарына жоғары деңгейде қызмет етуде. Ашылу салтанатынан бастап 25000 бала ем алу курстарынан өтті. Ақтөбе облысы бойынша балаларды емдеу, облыстың экологиялық қолайсыз өңірлеріндегі мүгедек балаларды, көп балалы және әлеуметтік  жағдайы төмен отбасындағы балаларды, Алға балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің диспансерлік есебіндегі тұратын балалар, есту жағы қиын балалар үшін мектеп-интернаттары және тағы басқаларды, соның ішінде балаларды емдеу, диагностика жүргізу, оңалту негізгі қызмет түрі болып табылатын Орталық Ақтөбе облысы бойынша жалғыз.   

Орталықта балалар 3-жасынан 14-жасқа дейін 14 күн курсын өткізеді. Орталықта біліктілігі жоғары мамаңдар, педиаторлар, невропатолог, стоматолог, лор-дәрігері, кардиолог, хирург, окулист, жаттығу терапиясының дәрігерлері. Ультрадыбыстық зерттеу, ФГДС, функционалды диагностика дәрігерлері жұмыс істейді. Орталыққа түскен балалар дәрігерлер тексергеннен кейін дәрі-дәрмек көмегін, фито және витаминдік терапияны, физиотерапия, спелеотерапия, массаж, созылмалы ошақ инфекцияары сканерленген, жаттығу залына, бассейн және саунаға түсіп, шыңайы ляззат алады, сонымен қатар, 6 мезгіл алуан-түрлі емдік тамақтану іске қосылуда. Балалар тереңдетілген диагностикалық тексеруден өтеді: Ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ, ФГДС, ЭХО-ЭГ, ЭЭГ, клиникалық және биохимиялық лаборатория. Қажет болған жағдайда рентгендік зерттеуден де өткізеді.  Орталықтан толықтай ем алып шыққаннан кейін мекен-жайы бойынша балаларды әрі қарай емдеуге қатысты қолдарына ұсыныстар беріледі. Облыстың экологиялық жағдайына байланысты балалардың денсаулығы диагностикалық тексеруді, әрі қарай емдеуді және оңалтуды талап етеді.

Байланысу мәліметтері: 8 (7132) 50-00-59.