Біздің мектептің артықшылықтары

Әрбір баланың біліміне сан қырлы бағыттан жағдай жасау тек сапалы білім алу ғана емес, сонымен қатар, біз, «Ақбөбек» білім беру орталығы балалардың өмірде өз орындарын табатынына толық сенімдіміз.

Біріншіден, кеңейтілген білім беру бағдарламасы. Біз, міндетті түрде, мемлекеттік стандартты орындаймыз. Сондай-ақ, мектепте қосымша ағылшын тілінен сағаттар, логикадан курстар, ойын-сауық математикасы, шахмат ойындары енгізілді. Мектепте кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер еңбек етеді. Жұмысқа қабылданар алдында мұғалімдер әңгімелесуден міндетті тәртіпте өтеді, көпшілігі жоғары білім саласын үздікпен аяқтағандар. Бастысы мұғалімдер өздерінің жұмысын, балалармен жұмысты, педагогиканы сүйе біледі.

Екіншіден, класстар заманауи технологиялық деңгейде жабдықталған. Жайлы, сколиоздың даму мүмкіндігін толық алып тастайтын үстелдермен эргономикалық парталармен жабдықталған, Әрбір класста интерактивті тақталар бар. Біздің мектептің барлық оқушылары интерактивті тақталармен пайдалану дағдыларын біледі, барлық класстарда жоғары жылдамдықта ғаламтор WI-FI қосылған.

Үшіншіден, әрбір балаға индивидуалды бағыт және мұқият қарым-қатынас. Аз санды класстар (16 баладан артық емес) әрбір балаға мұғалім көбірек уақыт бөлуге, сабақта тапсырманың максималды көлемін орындауға мүмкіндік туғызады. Мектепте психолог және медбике жұмысшылары жұмыс жасайды. Ауруларды алдын-алу жұмыстарын төмендету үшін оңалту іс-шаралары жүргізіледі (бассейн, оттегі коктейльдері, тұзды шахталар және т.б.,). Балалар үшін күніне 3-4 рет тамақтану, ас мәзірі алуан-түрлі ұйымдастырылады.

Төртіншіден, балалар үшін таңғы 8.00 кешкі 19:00 дейін мектеп табалдырығы ашық. Кешкі уақытқа дейін жұмыс жасайтын ата-аналар үшін, ұзартылған күн жүйесі өте ыңғайлы. Күннің екінші жартысында балалар спортпен шұғылданады, әр түрлі үйірмелерге қатысады, шығармашылық балалар үшін әуендік аспаптарды қолдануға беріледі.

Бесіншіден, мектептің мұғалімдерін кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында жергілікті аймақтық университетімен, облыстық әдістемелік орталықпен, “Өрлеу” біліктілікті жоғарылату ұлттық орталығы АҚ филиалымен, Орынборлық мемлекеттік университетімен тығыз байланыста.

Алтыншыдан, ата-аналармен байланыс электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Ата-ана әрқашан өз баласының үлгерім деңгейінен хабардар.
«Ақбөбек» мектебінде, қалаға шығу күні практикаға ие. Бұл экскурсия ғана емес, театр, мұражай немесе көрме болуы мүмкін. Педагогика көзқарасы бойынша бұл үрдіс екі жақты пайдасы бар: демалыс және дүниені тану.

Біз туралы

Ақбөбек жеке мектебі 2012 жылдың 4 маусымынан бастап Ақтөбе қаласының оқушыларына оқуды қамтамасыз етуде. Жан-жақты, сапалы және заманауи білімді беріп “Әрбір бала-бір жұлдыз жарқырауға жәрдем ет!” ұранымен жұмыс істейді.
Сапалы білімнен басқа, «Ақбөбек» жеке мектебі баланың денсаулығына және шығармашылық даму деңгейіне көңіл бөледі. Баланың дамуы теңдестірілген бағдарламамен дамиды-күннің бірінші жартысында негізгі көңіл білім беру бағдарламасына бөлінеді, күннің екінші жартысында әр түрлі үйірме, секцияларға балалар қатысады, сонымен қатар қызығушылық бойынша клубтарға үлгереді. Орталықтағы әрбір күн қызықты өтеді.
Білім беру орталығында психологпен, логопедпен сабақтар жүргізіледі. Баланың білім деңгейін үнемі бақылайды. Қосымша курстарға шахмат ойындары, логика және математика, би билеу шығармашылығы, ән айту, театр шеберлігі және тағы басқа. Баланың мүшелі дамуын асыру үшін спорттық гимнастика, жекпе-жек өнері, тұзды шахтаға бару мүмкіндігі, бассейн және сауна бар.
Біздің оқушылар әр түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие. Мектеп түлектері үздік университеттерде, колледждерде және жоғары мектептерде студент болып, Ақбөбек орталығындағы сапалы білім арқылы жоғары жетістіктерге жетеді.
Ақбөбек жеке мектебінің барлық класстары интерактивті тақталармен, барлық қажетті инвентарьмен жабдықталған. Индивидуалды бағытты қамтамасыз ету мақсатында, әрбір класста 10-12 бала білім алады.