Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Асхат Шахаров «Aqbobek» халықаралық жекеменшік мектебінің құрылыс алаңын аралады. Батыс-2 шағын ауданындағы 600 орынға арналған мектептің құрылысымен танысып, бірқатар жұмыстардың шешімін тауып, жұмыс барысын бақылады.
«Aqbobek» халықаралық жекеменшік мектебі – үлкен мүмкіндіктер мектебі. НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Орта және жоғары деңгейде – математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, біртіндеп Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша мектепте оқытуға көшу көзделіп отыр.