Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін еліміздің тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтады.Сондықтан Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.  Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан жағдайға байланысты     «Ақбөбек» балбақшасында тәрбиешілер бүлдіршіндермен ватсап желісі арқылы жұмыс жасап жатыр. Мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерді  сабақ жоспарынан қалдырамау.Балаларға өтетін сабақтың жоспары бойынша видеороликтер жасап, ата-аналарына жолдайды. Балалар тәрбиешілерге кері байланысқа шығып видео арқылы орындаған тапсырмаларын көрсетеді. Яғни жаттаған жаттауларын, әндерін айтып береді. Жыл мезгілдері туралы, кіші топтарға түстер, пішіндер туралы  арнайы видеомен түсіндіріп сабақ өткізіліп жатыр.  Ата-аналар бұл жүйенің қызық екенін айтады.  Әрине балалардың алаңсыз балабақшаға барғаны ең үлкен бақыт екен дейді.  Балалар балабақшаларын сағынғанын, апайларына барғысы келетінін  жие айтады.Еліміздегі жағдайдың ретке келіп тездетіп шешілуін қалайды.