Білім ордасында бірнеше турдан тұратын «Біз біргеміз» атты марафон басталды. Аталған марафон оқушы, мұғалім мен ата-ананың арасында тығыз байланысты көздейді.
Ақпан айының сегізінші жұлдызында атаулы марафонның бірінші туры – «Үш жұлдыз» байқауы өтті. 10 трио Шәмші Қалдаяқовтың 20 лирикалық және патриоттық әндері мен еркін тақырыптағы әндер шырқады. Фонограммасыз, әдемі костюмдермен, бишілермен жанарымызға жас келтірді, өткен шаққа саяхат жасатты.
Олар уайымдап, бір-бірінің алдында деген жауапкершілікті сезінді, бір сөзбен айтқанда, бірге, біртұтас болды. Мақсат орындалды – біз бірімізге жақын адамдай болдық.
Жеңімпаздарға «Ақбөбек-Восток» қысқы лагеріне жолдама берілді. Ал барлық қатысушыларға фирмалық логотипі бар кружка, мұғалімдерге Абайдың «Қара сөздері» кітабы табысталды.
Біздің одақ тұрақты және оны көптеген бірлескен кездесулер күтіп тұр!