Білім ордасында бірнеше турдан тұратын «Біз біргеміз» атты марафон басталды.                Аталған марафон оқушы, мұғалім мен ата-ананың арасында тығыз байланысты көздейді.

Ақпан айының сегізінші жұлдызында атаулы марафонның бірінші                              туры –  «Үш жұлдыз» байқауы өтті. 10 трио Шәмші Қалдаяқовтың 20 лирикалық  және                             патриоттық әндері мен еркін тақырыптағы әндер шырқады. Фонограммасыз, әдемі                            костюмдермен, бишілермен жанарымызға жас келтірді, өткен шаққа саяхат жасатты.

Олар уайымдап, бір-бірінің алдында деген жауапкершілікті сезінді, бір сөзбен                      айтқанда, бірге, біртұтас болды. Мақсат орындалды – біз бірімізге жақын адамдай болдық.

Жеңімпаздарға «Ақбөбек-Восток» қысқы лагеріне жолдама берілді. Ал барлық                        қатысушыларға фирмалық логотипі бар кружка, мұғалімдерге Абайдың «Қара сөздері» кітабы табысталды.

Біздің одақ тұрақты және оны көптеген бірлескен кездесулер күтіп тұр!