01.03.-13.03 аралығындағы «Жаңаша тәрбиеге – жаңаша көзқарас» атты онкүндік өтті. Бірінші күні – 1 наурыз Алғыс күнге түсті. Оқушылар мектепке келген ата-аналарға жүрекшеге жазылған жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар ата-аналарға арналған бұрыш дайындалды, ол жерде ата-аналар өз ұстаздарына немесе балаларға алғыстарын айтып, тілектерін жазды. Сол күні «Алғыс айту- парызым» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.